Қазақстанға қытайлар 1,2 миллиард теңгелік болат өндіретін комбинат салады

Қазақстанда жылына 3 миллион тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады. 1,2 миллиард теңгелік жобаны Қытай орындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігінің айтуынша, Фуцзянь провинциясымен өндіріс ашу туралы мәселе талқылануда.
“Бұл ақпарат министр Арман Шаққалиевтің Фуцзянь провинциясына жасаған сапарынан кейін белгілі болды. Сапар барысында негізгі келісімдердің бірі – қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясымен ірі жобаны талқылау болды. Жоба бойынша Қазақстанда жылына 3 миллион тоннаға дейін болат өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі шамамен 1,2 ммиллиард доллар. Егер жоба іске асса, 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Өнімнің басым бөлігі ішкі нарыққа бағытталып. Бір бөлігі экспортқа шығарылады”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда бірнеше салада өндірістерді дамыту жоспарланып жатыр:
- Jinyuan компаниясымен жіп иіру;
- Weihua Heavy Machinery-пен жүк көтергіш жабдықтар шығару;
- Shenda Electric-пен трансформаторлар жасау;
- Jinlun Hi-tech Fiber-пен синтетикалық талшық өндірісі қаралуда.
Бұл жобалар елде қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға, жаңа технология енгізуге және экспортқа шығуға бағытталған.
"Фуцзянь – Қытайдың ірі өнеркәсіп және экспорт аймағы. Біз Қытаймен бүкіл ел деңгейінде емес, нақты провинциялармен жұмыс істейміз. Осы өңірдің порттары арқылы Қазақстан өнімдері Қытайдың оңтүстігіне және АСЕАН елдеріне шығуы мүмкін", – деді Арман Шаққалиев.
QazTrade мәліметі бойынша, 2025 жылы Қазақстан мен Фуцзянь арасындағы тауар айналымы шамамен 522 миллион доллар болды.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді