Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.
Айта кетейік, бренд Astana Motors портфеліне кіреді. Қазақстандағы BYD дилерлік желісі қызмет көрсететін 20 орталықтан тұрады. Нарықта ресми түрде алты BYD моделі қолжетімді. Олар — SONG PLUS DM-i гибридті кроссовері, BYD CHAZOR гибридті седаны, YUAN UP, SONG PLUS EV, SEALION 7 электр кроссоверлері және HAN электр седаны. Бұл модельдердің алғашқы бесеуі 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 10 ең көп сатылған NEV көліктерінің қатарына кірді.
Қазақстанның автокөлік одағының статистикасы бойынша BYD ресми дилері осы жылдың екі айында нарықта ең көп 428 NEV көлігін сатып, бәсекелестерден айтарлықтай озып тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде брендтің сатылымы 10 есе өсті.

Фото: Astana Motors
BYD SONG PLUS DM-i NEV сегментінде сатылым бойынша көш бастап тұр. Дилерлер модельдің жоғары сатылымын кроссоверлердің, әсіресе DM-i гибридті технологиясының қазақстандықтар арасында танымал болуымен байланыстырады. Осы жүйенің арқасында SONG PLUS DM-i көлігінің жанармай шығыны аз (100 шақырымға 4,7 литрден басталады) және 1200 шақырымға дейін жүре алады. Бренд клиенттері бұл кроссоверді ұзақ қашықтыққа саяхаттау үшін сатып алған болуы мүмкін. Сонымен қатар, қала ішіндегі жүріске қазақстандықтар жергілікті нарықта NEV сатылымы бойынша екінші орында тұрған YUAN UP шағын электр кроссоверін көбірек сатып алуда.
BYD компаниясының Қазақстандағы директоры Антон Кущ брендтің бәсекелестермен салыстырғанда тартымды нарық бағасы, қауіпсіздік, сенімділік, жоғары сапа, технология және үнемділік секілді артықшылықтарын атап өтті.
"Қазіргі сатып алушы көлік туралы ақпаратты мұқият зерттейді, ұқсас модельдерді салыстырады, оның жақсы жақтарын, өнім мен бренд құндылығын анықтайды, талдайды, сосын барып таңдау жасайды. Бұл – саналы түрде сатып алу. Қазақстандағы брендтің даму жолында сертификатталған техникалық мамандар, жабдықтар және түпнұсқа қосалқы бөлшектері бар ресми сервистік орталықтар да маңызды рөл атқарады. Клиенттердің бізге жақындарының ұсынысы бойынша келуі, модельді жаңарту үшін қайта оралуы және жергілікті нарықта брендке деген қызығушылықтың тез қалыптасып, нығаюы қазақстандықтардың BYD автокөліктерінің артықшылықтарын жоғары бағалайтынын көрсетеді. Олар бізбен ұзақ уақыт бірге болады", - деді Антон Кущ.
Фото: Astana Motors
Дистрибьютордың айтуынша, көптеген клиенттердің BYD көлігін сатып алу шешіміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – BYD Auto компаниясы өзі әзірлеген Blade Battery литий темір фосфат (LFP) аккумуляторы.
BYD Blade Battery құрамында литий, никель, марганец, кобальт және оксидтен тұратын NCM аккумуляторына қарағанда қауіпсіз әрі төзімді. 2024 жылы BYD Blade Battery беделді британдық Electrifying.com басылымының технология саласы бойынша "Жыл инновациясы" сыйлығын алды.
Фото: Astana Motors
BYD Blade Battery қауіпсіздігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Батарея ұяшығын "шегемен тесу" арқылы жүргізілген күрделі сынақтан сәтті өтті. Осылайша инженерлер жол апаты кезінде жабдықтың қандай зақымға ұшырайтынын көрсетеді. NCM аккумуляторын шегемен тескен кезде батарея құрамындағы кобальт пен марганецтің оттегімен байланысқа түсіп, өте жоғары температураға дейін тез қызып жарылады. Бұл ретте BYD Blade Battery шегемен тескенде әсер етпейді, жарылмайды және өртенбейді.
Қуаттау станциялары
Көліктің қауіпсіздігі көбінесе оны қайда және қалай қуат беруіне байланысты. BYD дистрибуциясы егер электрокөлік иесі қуаттау станциясын жеке өз үйде орнатқысы келсе, онда қондырғыны тек сертификатталған электрикке сеніп тапсыруға болатындығын жеткізді.
"Біз электр қуаттау станцияларын орнату кезінде барлық қауіпсіздік стандарттарын сақтауды және сертификатталған қызмет көрсетушілерге жүгінуді ұсынамыз. Бұл автокөліктің қауіпсіздігі мен қызмет ету мерзімін ұзарту үшін маңызды", – деп атап өтті Қазақстандағы BYD техникалық директоры Дархан Қалтаев.
Фото: Astana Motors
Компания жеке қуаттау станциясын орнатудың негізгі талаптарын атады:
- Орнату жұмысын сертификатталған электрик жүргізу қажет;
- Бөлек автоматты ажыратқыш және ҚӨҚ (қорғаныс өшіру құрылғысы) болуы керек;
- Жоғары сапада жерге тұйықтауды қамтамасыз ету керек;
- Тек 7 кВт-қа дейінгі қуатқа арналған түпнұсқа қуаттау құрылғыларын пайдаланыңыз;
- Кабельдер мен розеткаларды қолдануға қатаң тыйым салынады, адаптерлер мен ұзартқыштарды пайдалануға болмайды. Себебі нашар жанасу немесе қызып кету қаупі көлік құралының жабдығына зақым келтіруі мүмкін. Сапасыз әрі жерге тұйықталмаған адаптерлер және катушкаға оралған ұзартқыштар өртке әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, құрылғының оқшауы зақымдалған кезде көлікті қуаттауға болмайтынын, әсіресе жаңбыр кезінде және кабельдің жағдайын үнемі қадағалап отыру керек екенін ескеру қажет.
Дистрибуция мамандары электрокөліктерді қуаттау станцияларының инфрақұрылымы дамып, операторлар мен нүктелер санының артып келе жатқанын атап өтті. Айталық, Astana Motors қазіргі уақытта Қазақстанның тоғыз қаласында шамамен 30 қуаттау нүктесін қамтитын MyCharge электр қуаттау станциялары желісін басқарады. Аталған желінің қауіпсіз жоғары технологиялы қуаттау станциялары Қытайдың электрокөліктерді қуаттау инфрақұрылымы саласындағы ең ірі жетекші TELD компаниясының заманауи қондырғыларымен жабдықталған.
Фото: Astana Motors
Осылайша, қуаттау инфрақұрылымының қарқынды дамуы және белгілі бір дәрежеде BYD компаниясының жаһандық деңгейде мойындалуы сатылымның өсу динамикасына және Қазақстандағы электрокөліктердің танымал болуына оң әсер етуде.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді