Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүйелі адам өлтірген қылмыскер түрмеден шыққан соң блогер болып кеткен

Фото: Need To Know

Румынияда бір кездері бірнеше адамды өлтірген сериялы қылмыскер Мариус Чампара түрмеден босап, кейін блогер ретінде танымалдыққа ие болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

1997 жылы 51 жастағы Мариус Чампарға бірнеше адам өлтіру әрекеттері үшін 99 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол 12 жасында жетім қалып, жастайынан қылмысқа араласты. 1994–1997 жылдары Чампар бірнеше қатыгез тонау мен адам өлтіруді жасаған. Алты адам оның құрбаны болды: бірін басынан айырса, ал бір жағдайда 84 жастағы әйелді жаңа жыл түні өлтірген.

Сот кезінде тергеушілер мен судьялар оның өте қатыгез әрекеттерін және ешқандай өкінбегенін атап көрсеткен. Алайда, 2020 жылы жақсы мінез-құлық үшін Чампар босатылды. Бұл шешім Румынияда үлкен дау туғызды.



Бостандыққа шыққаннан кейін Чампар әлеуметтік желіде блогер болып, шамамен 200 мың жазылушы жинады. Видеоларында ол өз қылмыстық өмірі туралы айтып, түрмеден кейін қоғамға қалай бейімделгенін көрсетеді.

Алайда қоғамдағы наразылық одан әрі күшейді. Себебі Чампар 15 жасар жасөспірім мен достары жасаған 13 жасар қызға шабуыл туралы пікір айтып, келесі құрбаны қыздың анасы болуы мүмкін деді. Көптеген адамдар мұндай сөздердің қоғамдық пікірге әсер етуі мүмкін және тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деп сын айтты. 

STAN.KZ
Сенбі, 14 Наурыз, 2026 16:27