Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт береді: Күндері мен қалалары белгілі болды

Фото: Prodip Guha/Getty Images

Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді Қазақстанда бірден екі концерт береді. Концерттер қыркүйекте Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өткен аптада билет сату сервисі танымал испан әншісі Энрике Иглесиастың Қазақстанға келіп, концерт беретінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде әншінің өзінен ресми растау болмаған. Сондай-ақ концерттердің нақты күндері де белгісіз болды.

Бірақ бүгін Энрике Иглесиас Instagram-дағы парақшасында stories жариялап, 2026 жылы Қазақстанда өнер көрсететінін растады. Сонымен қатар ол Дженнифер Лопестің және Backstreet Boys тобының үлгісімен елде бірден екі концерт береді – Астана мен Алматы қалаларында.

3 қыркүйекте әнші елордада, Астана Арена стадионында өнер көрсетеді. Ал 5 қыркүйекте концерт Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Энрике Иглесиас – испан әншісі, ән авторы, продюсер және актер. Ол 1975 жылғы 8 мамырда Мадридте дүниеге келген. Оның әкесі – танымал испан әншісі Хулио Иглесиас.

Иглесиас ең үлкен жетістікке 2000 жылдардың басында жетті. Оның Bailamos және Be With You синглдері АҚШ-тың Billboard Hot 100 хит-парадының көшін бастады. Сондай-ақ ол басқа әртістермен бірге “Супербоул” сахнасында да өнер көрсеткен. Еуропада Hero балладасы кең танымалдыққа ие болды.

2020 жылы Billboard Энрике Иглесиасты барлық уақыттағы ең ұлы латынамерикалық орындаушы деп атады. Ол ресейлік теннисші Анна Курниковамен қарым-қатынаста. Екеуі 2001 жылы Escape әніне түсірілген бейнебаян алаңында танысқан.

Айта кетейік, бұған дейін әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт беретіні хабарланған еді.

STAN.KZ
Жұма, 06 Наурыз, 2026 14:38