Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судьяның күйеуі іске қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді

Коллаж Stan.kz 

Германияда көз жұмған қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Александр Донцов Айгүл Сайлыбаеваның өліміне кінәлі емес екенін айтады. 

Германиядан келіп, университетке ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа орналасып үлгерген Александр Донцов “База” басылымына берген сұхбатында соңғы бірнеше ай бойы өзіне және жақындарына қатты қысым көрсетіліп жатқанын айтады. Ер адамның айтуынша, белгісіз адамдар қоңырау шалып, хат жазып, үйіне келіп, өзін адвокат, полиция қызметкері немесе журналист ретінде таныстырып, “Айгүлді өлтірдің” деп айыптайтын көрінеді.

Донцов өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, әйелінің қайғылы жағдайда көз жұмуына қатысты Германияда тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оған айып тағылмаған және іздеу жарияланбаған, сондықтан ол қызын алып, Мәскеуге емін-еркін кетіп қалған. 


"Енесі бауыздап өлтірген": Германияда көз жұмған судьяның анасы жантүршігерлік деректерді айтты

Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судьяның іздеудегі күйеуі беделді Мәскеу университетінде жұмыс істейтіні анықталды


Ер адамның айтуынша, Айгүл 2024 жылдың 4 маусымында жоғалып кеткен. Ол әйелімен соңғы рет жұмысқа кетер алдында таңертең кездескен. Кешкісін үйге келгенде үйде тек кішкентай қызы ғана болған, ал әйелі телефон қоңырауларына жауап бермеген. Ол әйелінің із-түссіз жоғалғаны туралы арыз беріп, іздеуге өзі де қатысқан. Айгүлдің денесі 16 маусымда табылды.

Донцов бастапқыда өзінен куә ретінде жауап алынғанын, кейін Германия полициясы оны іс бойынша жәбірлеунші деп танығанын айтады. Ол 2024 жылдың күзінде пәтерді жалдау мерзімі аяқталуына байланысты қызымен бірге Германиядан Ресейге кеткен. Кейін ол Германия прокуратурасынан басқа күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ал ол адаммен таныс еместігін білдіретін хат алған. Сондай-ақ Донцов өзінің кінәлі деп танылған жалғыз іс Қазақстанда “Азаптау” бабы бойынша қозғалғанын айтты. Ер адам істің қолдан жасалғанын және Айгүлдің жақындарының куәліктеріне сүйенетінін атап өтті. 

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.

2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады. Алайда кейінірек Қазақстанның бас прокуратура Ресей тарапы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілерді Қазақстанға бермейтінін мәлімдеді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 22:58