Елордада “Референдум–2026” онлайн-марафоны өтіп жатыр

Астанада “Референдум–2026” онлайн-марафоны өтіп жатыр. Бұл жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған. Оған шамамен 100 сарапшы қатысып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конституциялық комиссия мүшелері алты сағат бойы алдағы референдум аясында Қазақстан халқы елдің жаңа Конституциясы үшін дауыс беретін мәселені талқылап, пікір алмасады.
Ұйымдастырушылар құжаттың жаңартылған нұсқасына азаматтардың ұсыныстары енгізілгенін айтты. Конституцияның жаңа редакциясы қоғамдық пікір ескеріліп ұсынылып отыр.
Спикерлер қатарында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Ермұрат Бапи және мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар.
Онлайн-марафон республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформаларында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы