Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсті

Нұрлан Сабыров үстінен Бас прокуратураға арыз түстіФото: Vk/nurlan.saburov

Белсенді Марат Тұрымбетов әзілкеш Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. Марат Тұрымбетов комиктің былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы ақпараттан кейін Украинадағы соғысты қаржыландыру дерегін тексеруді талап етіп отыр.

“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды белсенді.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін деп санайды. Өйткені оның сөзінше, “Вагнер легионы Истра” ЖӘК “Вагнердің” құрамына кіреді, ал бұл құрылым өкілдері жалдамалылар.

Марат Тұрымбетов Нұрлан Сабуровтың үстінен арыз түсірді

Бұған дейін ресейлік БАҚ “Вагнер легионы Искра” таратылған “Вагнер” ЖӘК-тің бөлініп шыққан бөлімшелерінің бірі екенін, қазір Ресей Қарулы күштері құрамына кіретінін нақтылаған.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді. Кейінірек комиктің Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланды.

Бірнеше күннен кейін ғана Нұрлан Сабыровтың өзі алғаш рет мәлімдеме жасады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 15:43