Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тырнақтың сынуы, терінің құрғауы: Дәрігер көбі елемейтін белгінің қандай ауруға тән екенін айтты

Фото: freepik.com

"Скандинавиялық денсаулық орталығының" терапевті Ольга Чистик тырнақтың жиі сынуы, құрғақ тері мен қол-аяқтың үнемі тоңуын назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті. Дәрігердің айтуынша, бұл  қалқанша без жұмысының бұзылғанын білдіруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Лента.ру" басылымына ссілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігердің айтуынша, көп жағдайда адамдар тырнақтың сынғыштығын, ұйқышылдық пен күш-қуаттың азаюын дәрумен жетіспеушілігімен байланыстырады. Алайда мұндай белгілер жиі гипотиреозға – қалқанша бездің гормондарды жеткілікті мөлшерде бөлмеуіне тән болады.

"Қалқанша без гормондары зат алмасуды, жүрек жұмысын және қан тамырларының тонусын реттейді. Егер бұл гормондар азайса, жүректің қан айдау күші төмендеп, ұсақ қан тамырлары тарылады. Соның салдарынан қан алдымен маңызды ағзаларға бағытталып, ал қол-аяқ тіпті жылы жерде де тоңып тұрады", – деп түсіндірді Ольга Чистик.



Осы себептен тырнақтарға қоректік заттар мен оттегі аз жетеді. Нәтижесінде тырнақ құрғап, тез сынады және бетінде бойлай сызықтар пайда болады.

Дәрігердің айтуынша, гипотиреоз кезінде адамның зейіні шашырап, басы мең-зең болып тұрғандай сезіледі, көңіл-күйі төмендеп, шашы сынғыш келеді және іш қату жиі байқалады. Бұл ауру біртіндеп дамитындықтан, көп адам өз жағдайына үйреніп кетіп, дәрігерге баруды кейінге қалдырады. Алайда дәрігер белгілердің бәріне назар аударуға кеңес берді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Ақпан, 2026 20:00