Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада элиталық тұрғын үй кешенінің баспалдақтарын мұз басты (видео)

Видеодан скрин

Астананың орталығында элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде мұз қатқан баспалдақтардың видеосы тарады.

Жазба авторының айтуынша, видео “Водно-Зеленый бульвар” тұрғын үй кешенінде түсірілген. Видеодан баспалдақтар, қабырғалар мен кіреберісті мұз басып қалғанын байқауға болады. 

“Сұмдық. Астана қаласындағы еліміздің бас партиясы отыратын офистің Водно-Зеленый бульвар, тұрғын үй кешенінің баспалдақтарына мұз басып кетті”, – делінген жазбада. 

“Астана-Теплотранзит” кәсіпорны аталмыш тұрғын үй кешеніне жылу қалыпты режимде беріліп жатқанын, жылу жеткізуде ешқандай шектеулер тіркелмегенін хабарлады.


Элиталы тұрғын үй кешендеріндегі қымбат пәтерлерде тоңып отырған қазақстандықтар құрылыс компанияларына шағымданды


Компанияның мәліметінше, 24 қаңтар күні Қонаев көшесіндегі үйдің төртінші подъезінің 12-қабатындағы баспалдақ алаңында жылыту жүйесінің радиаторынан ақау анықталған.

“Ақауға байланысты радиаторлар ауыстырылғанға дейін баспалдақ алаңының жылытуы уақытша өшірілді”, – делінген компания хабарламасында.

“Астана-Теплотранзит” ақауға жылыту жүйесінің қатып қалуы себеп болғанын атап өтті. Бұл баспалдақ алаңының есіктері ұзақ уақыт бойы 8-қабаттан 14-қабатқа дейін ашық тұрғандықтан орын алған.

Еске салсақ, бұған дейін елордалықтар BI Group компаниясы салған көпқабатты үйлердің сапасына шағымданғаны туралы жазған едік.

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 20:18