Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

Фото: gov.kz
Нұрдәулет Сүйіндіков активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл қызметке 2023 жылғы қазан айында тағайындалған болатын.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы қызметінен босатылды”, -делінген хабарламада.
-
Алматыда полиция полковнигі 200 мың теңге пара алып қызметінен айырылды
-
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды
17 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне қайта құрылды. Сонымен бірге, реорганизацияланған комитеттің барлық функциялары мен өкілеттіктері Бас прокуратураға берілді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған