Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконг тұмауын жұқтырған науқастардың көру қабілеті күрт нашарлаған

Гонконг тұмауын жұқтырған науқастардың көру қабілеті күрт нашарлаған

Фото: depositphotos.com

Ресейде А тұмауын жұқтырған науқастардың көру қабілеті күрт нашарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Baza Telegram-арнасы хабарлады. Басылымның мәліметінше, адамдар тұмау жұқтырғаннан кейін бірнеше күн өткен соң көру қабілетінің төмендегенін байқаған. А тұмауымен ауырғандар көздің бұлдырауы, фокустың жоғалуы және қосарланып көріну сияқты белгілерге шағымдануда.

Жарияланымда айтылғандай, Baza-ға сұхбат бергендердің бірі көру қабілетінің күрт төмендегенін небәрі екі күннің ішінде байқаған. Бұған дейін көру қабілеті 100 пайыз болған қыз айналасын “тұман басқандай” көре бастаған. Жазулар қосарланып көрінетінін, жарығы нашар бөлмеде бағдарлау қиындағанын айтады ол.

Ол С. Н. Федоров атындағы “Көз микрохирургиясы” орталығына жүгінген, онда дәрігерлер “жұқпалы аурудан кейін пайда болған құрғақ көз синдромы” деген диагноз қойған.


"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады


Клиника дәрігерлері көру қабілетінің мұндай кенеттен төмендеуі тұмаудан кейінгі асқынумен байланысты екенін атап өткен. Ауруханада мұндай реакция ауру басталғаннан кейін 2–3 күнде, сондай-ақ 1–3 апта өткен соң да пайда болуы мүмкін екенін айтқан. Мамандар ұқсас жағдайлар қарашаның ортасынан бері байқалып жатқанын жеткізді.

Бұған дейін медицина ғылымдарының кандидаты, педиатр Евгений Тимаков А типті тұмаудың өте агрессивті екенін және пневмонияның тез дамуына себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

Оның сөзінше, А типті вирусқа әсіресе тұмаумен ұзақ уақыт ауырмаған, вакцина салдырмаған немесе жуырда коронавируспен ауырған адамдарға теж жұғады. Мұндай жағдайларда қоздырғыш ағзаның қорғаныс тосқауылдарын оңай еңсеріп, екі тәуліктің ішінде бастапқы вирустық пневмонияны тудыруы мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада гонконг тұмауы тарағаны туралы жазғанбыз. Астананың бас санитар дәрігері А (H3N2) вирусының штамы (гонконг тұмауы) маусым сайын айналымда жүретін тұмау екенін мәлімдеген еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Желтоқсан, 2025 22:54