Алматыда көшеде еркін жүрген Қызыл кітапқа енген сілеусіннің төлі жұртты таңғалдырды

Желіде Қызыл кітапқа енген сілеусіннің төлі Алматыда аула арасында жүрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодағы Түркістан сілеусінінің ( Lynx lynx isabellinus ) кішкентай төлі қалаға кіріп кетіп, көшелерде еркін жүргені адамдарды таңғалдырды. Қызыл кітапқа енген бұл аңның кішкентайы мегаполисте өте сирек кездеседі.
Іле-Алатау ұлттық паркінің мамандарының айтуынша, аңның қорегі жеткілікті, оның үстіне қар қалың түспеген. Сондықтан жас жыртқыш таудан жай ғана қызығушылықпен төмен түсіп, адасып кетуі мүмкін.
Мамандар жануарға қатаң түрде жақындамауға және ұстамауға, тамақ бермеуге шақырады. Заң бойынша сілеусін қорғалады, ал оған зиян келтірген адам жауапкершілікке тартылады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"