"Премьер-министр балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ақтаған": Венгрияда халық наразылыққа шықты
Фото: Pixabay
Венгрияда жұртшылық премьер-министр Виктор Орбанға қарсы жаппай наразылыққа шығуда. Бұған мемлекеттік түзеу колониясында кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсетілуіне байланысты шыққан жанжал мен биліктің оған берген реакциясы себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Будапешттегі жасөспірімдер колониясынан түсірілген бейнежазба интернетте тарады. Кадрлардан мекеме басшысының еденде жатқан жасөспірімді ұрып-соғып, екіншісінің басын үстелге соққанын көруге болады. Қоғамдық резонанстан кейін шенеунік қызметінен кетіп, қамауға алынды. Мекемеде тінту жүргізіліп, тағы бірнеше қызметкер ұсталды.
Бұл оқиғаға қатысты билік өкілдерінің мәлімдемелері қоғамның ашу-ызасын тудырды. Шенеуніктер болған жағдай үшін жауапкершілікті іс жүзінде жәбірленушілердің өзіне аударып, олардың кәмелетке толмаған құқықбұзушылар екенін алға тартқан. Осындай ұстанымды сұхбат барысында Орбанның өзі де білдірген.
"Тиса" оппозициялық партиясының жетекшісі Петер Мадьяр болып жатқан жағдайды зорлық-зомбылықты ақтауға талпыныс деп атап, азаматтарды көшеге шығуға шақырды. Ол мемлекет қамқорлығындағы балаларды қорғауға үкіметтің қауқарсыз екенін айтып, премьер-министрдің дереу отставкаға кетуін талап етті.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?