Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір шаршы метрі 3 миллион теңге": Дариға Назарбаеваға қатысы бар компания Астанадағы ең қымбат тұрғын үй кешенін салып жатыр

Фото: parlam.kz

Бұрын Дариға Назарбаевамен байланыста болған компания Астананың ең қымбат тұрғын үй кешендерінің бірі Swiss Collection құрылысын салып жатыр. Жобаның бір шаршы метрі шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұрын Дариға Назарбаевамен байланысты болған Transaksiya LLC компаниясы Астананың оң жағалауында элиталық тұрғын үй кешенін салып жатыр. 2020 жылға дейін компанияның негізін қалаушы Валерий Сафонов деп көрсетілген. Оны кейбір БАҚ экс-президенттің үлкен қызының жақын серігі деп сипаттаған. 2020 жылы Дариға Назарбаева тең құрылтайшы қызметінен кетті. Ал Kompra.kz сайтының мәліметінше, Санам Махмудова 2024 жылы басқаруды қолға алған.

Фото: newtimes.kz

Қазір Transaksiya LLC компаниясының негізін қалаушылар ретінде екі компания көрсетілген. Олар Estate-A LLC және Life Kurmangazy LLC.

Фото: newtimes.kz

Swiss Collection-дағы ең қолжетімді пәтердің құны шамамен 400 миллион теңге. Шаршы метрінің бағасы 2,7 миллион теңге деп көрсетілген.

Жобаның веб-сайтында Swiss Collection жай ғана жылжымайтын мүлік ретінде емес, премиум кеңістік ретінде орналасқаны атап өтілген. Сипаттамада былай делінген:

“Астананың қақ ортасында, Есілдің айнадай жиегінде уақыт басқаша ағатын бір кеңістік бар. Мұнда шаршы метр сатылмайды. Бұл жер мінсіздікті таңдаған әлемге тиесілі екеніңді білдіреді”. 


"Жобалар іске қосылмаған": Назарбаева кезінде “ӨКМ операторының" қалдықтар секторына инвестицияланған 1,6 млрд теңге нөлге теңестірілді


Дариға Назарбаева мен бірнеше кәсіпкер "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды


Сондай-ақ кешен тұрғындары “өмір сүріп қана қоймай, қолжетпес әлемге ие бола алады” деп жазылған. 

Бір жыл бұрын осы аумақта қарттар үйінің бұрынғы ғимараты және оның қасында орналасқан Дариға Назарбаеваға тиесілі жекежай бұзылған еді. Тұңғыш президенттің қызынa тиесілі коттедж су жиегінің дәл қасында орналасып, тұрғындар жағалауға бара алмай жүрген еді. Сүру жұмыстары аяқталған соң жер телімі “Транзакция” ЖШС-не берілді. 

Жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылардың айтуынша, бұл аумақтың құны 4 миллион долларға (шамамен 2 миллиард теңге) дейін жетуі мүмкін.

Ал “Транзакция” компаниясының 2024 жылы Астана әкімдігімен соттасқаны анықталды. Дауға дәл осы жер телімі себеп болған. Сот әкімдік жағына шығып, Дариға Назарбаевамен бұрын байланысы болған компанияның Тәшенов көшесі, 16А мекенжайындағы жер учаскесін заңсыз иеленгенін анықтаған.

Фото: newtimes.kz

Бұдан бөлек, “Транзакция” компаниясы әкімшілік жауапкершілікке де тартылған. 2025 жылы компанияға Тәшенов көшесі, 22 мекенжайындағы өзге бір жер телімін өз бетінше иеленгені үшін айыппұл арқалаған. Іс материалдарына сәйкес, аумақ рұқсатсыз металл қоршаулармен және тіреуіштермен қоршалған.

Фото: newtimes.kz

Қазір бұрын тұрған ғимараттардың орнына жаяу жүргіншілер аймағы мен Swiss Collection клубтық үйлер кешені салынып жатыр. 

Жобаның авторлары – RAAF Group девелоперлік тобының тең құрылтайшысы Ферхат Тюркан және архитектор Алексей Ивженко.

Дариға Назарбаева "Целинный" орталығындағы жабық іс-шарада бой көрсеткені туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 18:10