Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мұндай адамдардан құтылу өте қиын”: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуінің туған күніне жасаған ерекше “сыйлығы” туралы айтты

Видеодан скрин

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман экс-күйеуінің туған күніне жасаған ерекше “сыйы” туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Instagram-дағы парақшасында Назым Қаһарман бүгін туған күнін атап өтіп жатқанын хабарлады. Әйел дәл туған күнінде таңертең бұрынғы жұбайынан екі бірдей сотқа шақырту қағазын алған.

"Мен осы “керемет” сыйды таңертең ерте қолыма алуым үшін, өте шұғыл жеткізу рәсімдепті. Бір жыл бұрын, біз оны ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі бойынша соттасқан кезде, сот оны сенімхат беруге міндеттеген еді. Сот талап еткен соң, ол сенімхат берді. Бұл сенімхат тура он ай ғана күшінде болды, ал тамыз айының соңында ол сенімхатты толықтай қайтарып алды. Енді ол балалардың атына берілген келісімін де кері қайтарып жатыр, яғни балалар өздері саяхаттай алмауы, шетелге шыға алмауы үшін жасалып отыр", – дейді Назым Қаһарман.

Назымның пікірінше, Бишімбаев бұл әрекетті балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеп, қысым көрсету үшін жасап отыр. 


"Кәмпит, мандарин, апельсин саттым": Бишімбаевтың анасы өзінде 1 миллион доллардың қайдан пайда болғанын түсіндірді

Назым Қаһарман Бишімбаевқа қарсы Жоғарғы сотқа шағымданды


Әйел бұл талап-арыздарға құқықтық мәселе ретінде емес, психологиялық қысым ретінде қарайтынын атап өтті.

"Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу өте қиын, бұл рас. Олар соңына дейін жабысып алады, әсіресе егер сен жақсы болсаң, адалдығыңмен ерекшеленсең, көп энергия беріп, көп жақсылық жасасаң. Әрине, мұндай адамдар жай ғана кетпейді. Жалпы, мен осы жылы өзіме не тілеймін? Ең бастысы, олардан құтылсам деймін", – деді Назым Қаһарман.

Айта кетейік, Назым Қаһарман экс-министр Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, олардың үш баласы бар. Жұбайлар экс-министрдің сыбайлас жемқорлық бойынша бірінші қылмыстық іс бойынша түрмеден босап шыққанынан бір жылдан кейін, 2020 жылы ажырасқан.

Еске салсақ, Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жыл бас бостандығынан айырылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 20:33