Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда әйелді зорлап, ер адамды өлтіріп, баланы кепілге алған күдікті ісі сотқа жетті

екі жасар қызды ұрлап, анасын зорлап, ер адамды өлтірген іс

Фото: Видеодан скрин

Талғарда екі жасар қызды ұрлап, әйелді зорлап және ер адамды өлтірген азаматтың ісі сотқа жіберілді. Күдіктілердің арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл ауыр оқиғаға байланысты негізгі күдікті Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айыпталып отыр. Жәбірленушілер отбасының адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, прокуратура істі Қаскелеңде орналасқан қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотқа жолдады.

"Алматы облысының прокуратурасы істі айыптау актісімен бірге Қылмыстық кодекстің 305-бабы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді", – деді адвокат.

Жандос Палмановтың сөзінше, сот отырысы жабық түрде өтуі мүмкін. Өйткені күдіктілердің арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Іс бойынша барлығы үш адам тергеуден өтіп жатыр. Негізгі айыпталушы, азамат Е бірден 11 бап бойынша күдікке ілінді.



Оған мынадай айыптар: 

  • Адам өлтіру, топпен жасалған (ҚК 99-бап);
  • Адам ұрлау, кәмелетке толмағанды тарту арқылы (ҚК 125-бап);
  • Зорлау (ҚК 120-бап);
  • Күш қолдана отырып сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау (ҚК 121-бап);
  • Топпен жасалған алаяқтық (ҚК 190-бап);
  • Бостандықтан заңсыз айыру (ҚК 147-бап);
  • Біреудің үйіне заңсыз кіру (ҚК 149-бап);
  • Өлтіретінін айтып қорқыту (ҚК 115-бап);
  • Қаруды заңсыз жасау (ҚК 287-бап);
  • Қаруды заңсыз сақтау (ҚК 288-бап);
  • Кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту (ҚК 132-бап).

Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А және К екі бап бойынша (топпен жасалған адам өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау) айыпталып отыр.

Айта кетейік, Талғарда бір азамат ер адамға оқ атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 17:21