Алматыда бір күнде екінші ірі өрт шықты

Алматыда бір күнде тағы бір ірі өрт болды. Алмалы ауданы, Төле би көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында ашық жалын шығып, өрт сөндірушілер шұғыл әрекет етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт 9 қараша кешкісінде шықты. Өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі бар.
“Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тұрғын үйдің шатыры жанып жатыр. Өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерін жүргізушілер жолдан өткізбей жатыр, ал жол неге жабылмағаны белгісіз”, – деп жазды желі қолданушысы.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, бес сөндіру станциясы іске қосылды. Су үздіксіз берілуде, өрт сөндіру цистерналары 30 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарына жалғанған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жағдай бақылауда, өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдануда.
Еске салсақ, дәл осы күні Алматыда "Перзент" қайырымдылық балалар үйінде өрт шыққан еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі