Ақтөбе облысындағы 12 адам мерт болған жол апатынан кейін жолаушылар тасымалы уақытша тоқтатылды

Фото: видео кадрларынан скрин
12 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасынан кейін Ақтөбе облысында Темірбек Жүргенов ауылы мен Ақтөбе қаласы арасындағы жолаушылар тасымалы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді аудан тұрғындары облыс орталығына жеке көліктермен және таксимен қатынап жүр. Алты жарақат алған адамның төртеуі жансақтау бөлімінен шығарылды. Ал 16 жастағы жасөспірім мен 51 жастағы ер адам әлі комада жатыр.
Соңғы науқас 29 қазанда ТЖМ-нің “Қазавиақұтқару” ұшағымен Астанаға жеткізілді. Ұшақ медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы жабдықтармен жасақталған.
Қайғылы оқиғадан кейін аудан тұрғындары жолды жөндеу жұмыстарын жеделдетуді сұрап отыр. Әкімдіктің мәліметінше, жолды қайта жаңарту жұмыстары 2028 жылға дейін аяқталмақ.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам мерт болған еді. “Самара – Шымкент” трассасында жүк көлігі мен жолаушылар отырған “Газель” бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында екі жүргізуші мен автобус жолаушылары – барлығы 12 адам, оның ішінде 3 жастағы бала мен 9 жастағы оқушы көз жұмды. Тағы алты адам ауыр жарақат алды.
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді