Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазірдің өзінде соғыс ішіндеміз": Трамп Қытаймен арадағы сауда дауы туралы айтты

Тарамп Қытаймен сауда соғысы туралы айтты

Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Қытаймен арадағы сауда дауы толыққанды сауда соғысына айналғанын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Usatoday.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл мәлімдемені Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесерден екі апта бұрын айтты. Журналист Трамптан:

"Айдың соңында Кореяда Симен келісімге келе алмасаңыз, Қытаймен ұзаққа созылатын сауда соғысы бастала ма?" – деп сұрағанда, Трамп:

"Біз қазірдің өзінде соғыс ішіндеміз", – деп жауап берді ол.

Трамп Қытайға қатысты енгізілетін жаңа салықтар (баж салығы) туралы:

"100% баж салығы бар. Егер бізде баж салығы болмаса, біз өзімізді ештеңеге жарамайтын ел ретінде көрсететін едік" – деді.

Қазанның 14-і күні Трамп Қытайдың АҚШ-тан соя сатып алудан бас тартқанына жауап ретінде, енді АҚШ Қытайдан тағамдық май сатып алуды тоқтататынын айтты. Ол бұл шешімді "экономикалық жаулық әрекет" деп атады.

АҚШ Соя өндірушілер қауымдастығының айтуынша, Қытай – америкалық сояның ең ірі сатып алушысы болған. Қытай АҚШ сәуір айында кедендік салық енгізгеннен кейін жауап ретінде сояны Аргентина мен Бразилиядан ала бастады.



Қазанның 10-ы күні Қытай сирек кездесетін минералдарды экспорттауға шектеу қойғаннан кейін, екі ел арасындағы жағдай одан әрі шиеленісе түсті. Бұл минералдар АҚШ-тың өнеркәсібі, электроникасы мен әскери техникасы үшін өте маңызды.

Осыған байланысты Трамп:

"Қарашаның 1-інен бастап Қытайға 100% кедендік салық салынады", – деп мәлімдеді. Қазірдің өзінде Қытайдан келетін тауарларға 30% салық салынып отыр.

2020–2023 жылдар аралығында, АҚШ сирек минералдардың 70%-ын Қытайдан сатып алған. Бұл заттар магниттер, электроника құралдары мен әскери құрылғылар жасауға қажет.

Трамп пен Си Цзиньпин келесі рет қазанның 31-і күні Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық форумында кездеседі деп күтілуде.

STAN.KZ
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 14:12
Талқылау