Тоқаев үкіметке осы аптаның соңына дейін елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға шара қабылдауды тапсырды

Фото: Ақордадан
Президент Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды орындауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.
“Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажет шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді. Сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды”, – делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген