Қазақстан құрамасы аты аңызға айналған футболшыны бапкерлік құрамнан алып тастады

Фото: ҚФФ
Аты аңызға айналған футболшы Нұрбол Жұмасқалиев жаңартылған Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына кірмейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұған дейін Әли Әлиевтің көмекшісі болған. Бірақ қыркүйек айының соңында құраманың бапкерлері өзгерді. Талғат Байсуфинов бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы ретінде тағайындалды.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы өтетін алдағы матчтарда Байсуфиновтың көмекшілері болып мына мамандар жұмыс істейді:
- Әли Әлиев
- Елдос Ахметов
- Иван Азовский
- Марат Еслямов
Осылайша, Нұрбол Жұмасқалиев ұлттық құраманың бапкерлік штабынан тыс қалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

