Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында түрмеге қамалды

Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық спортшы Сергей Веселов 27 маусым күні Сауд Арабиясының Мекке қаласында қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де растады.

Министрлік мәліметінше, 3 қыркүйекте сот отырысы өтіп, сот Сергей Веселовты қаржылық алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Министрлік тергеудің басынан бері Сауд Арабиясындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері Веселовқа жан-жақты консулдық көмек көрсеткенін атап өтті.

Ал спортшының отбасы ұлдарының не себепті ұсталғанын әлі күнге түсіне алмай отыр. Сергейдің әкесі Евгений Веселовтың айтуынша, олар жеке қаражаттарына адвокат жалдаған, сыртқы істер министрлігінен нақты түсініктеме ала алмаған. Оның сөзінше, отбасы баласының тұтқындалуын діни себептермен байланыстырады.

"Қазір біз консулмен және адвокатпен байланыстамыз. Ол жақ – мұсылман елі, заңдары да бөлек. Біз Сергей ислам дінін қабылдаған деген ақпарат естідік, бірақ нақты дерек жоқ. Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі үнсіз отыр", – дейді спортшының әкесі Евгений Веселов.

Сергей Веселов – 19 жастағы риддерлік спортшы. Ол пауэрлифтинг бойынша бірнеше дүркін облыс чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері атанған.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында қамауға алынғаны туралы жазған едік. Споршының ата-анасы қазақстандықтардан баласын құтқаруға көмектесуді сұраған еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 21:09
Талқылау