Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент вокзалының жөндеу жұмыстарынан кейін төбеден су ағып кетті

Шымкент вокзалындағы төбеден су ақты

Видеодан скриншот

Шымкентте теміржол вокзалына жақында жөндеу жүргізілсе де, жаңбырдан соң шатырдан тағы су кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі теміржол вокзалының күту бөлмесіндегі шелек көптің назарын аудартты. Себебі шатырдан су тамшылай бастады. 

"Жаңартылған вокзалға бірінші рет келіп тұрмын. Бәрі әдемі жасалғандай көрінді, бірақ бірінші жаңбыр жауғанда, төбесінен су ағып кетті. Жағымсыз көрініс екен", – деді шымкенттік Нұрбол Торбаев.

Станция басшылығы мәселені мойындайды. Олар шатырдың бірнеше жылдан бері жөнделмегенін, ал былтырғы 1,1 миллиард теңгеге жөндеуге шатыр кірмегенін айтады. Басқарушы компания кейбір зақымдар телекоммуникациялық антенналар орнатылғаннан кейін болуы мүмкін деп түсіндіреді.


Алматы-1 теміржол вокзалының қызметкерлері маңдайақы ақшасын ала алмай әлек


"Төбенің жағдайы нашар, көптен бері жөндеу көрмеген. Өткен жылы шамалы ғана жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы күрделі жөндеу жасап, шатырды толық ауыстыруды жоспарлап отырмыз", – деді "Восток Трейд Про" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Диана Мұханова.

Жөндеуден кейін вокзал кеңейіп, іші жаңартылып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың жолаушыға дейін ұлғайған. 

Еске салсақ, Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаппай қайта жаңарту басталған еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 10:56
Талқылау