Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арманға "Өмірге жолдама" бағдарламасымен бірге: Жаңа өмірге қадам басқан 8 студент шынайы оқиғасын бөлісті

Бағдарламаның атауы "Өмірге жолдама" деп бекер аталмаған. Бұл әлеуметтік бастаманың арқасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік алады. Жобаны "Нұрбанк" АҚ табысты түрде жүзеге асыруда. Банк бағдарлама туралы толық ақпарат пен жастардың оқиғаларын бөлісті.  

Күз – мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан мыңдаған қазақ жастары үшін толқыныс пен жаңа оқиғаларға толы уақыт. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 217 мыңнан астам оқушы мектеп бітірген (немесе: 11-сыныпты бітірген). Олардың көбі университет табалдырығын аттады. Студенттер арасында балалар үйінің түлектері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар да бар. Осы тұста ата-ананың қолдауынсыз жаңа өмір кезеңіне аяқ басқан жастар қандай сезімді бастан кешуде? Олар нені армандайды? Қиындықтарға қалай төтеп береді? Осы және басқа да сұрақтарға "Нұрбанк" АҚ-ның "Өмірге жолдама" әлеуметтік бағдарламасының алғашқы курс студенттері жауап берді. 

Жоғары білім мүмкіндіктер әлеміне жол ашатын билет іспетті. Дегенмен балалар үйінен шыққан көптеген жас үшін бұл орындалмас арман болып тұр. Осындай жастарға қолдау көрсету үшін "Нұрбанк" АҚ 2014 жылы "Өмірге жолдама" атты әлеуметтік бағдарламаны іске қосты. Бұл бағдарлама балалар үйінің түлектері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Caspian University-де тегін оқуға мүмкіндік береді. Банк оқу ақысын өтеп, ай сайын шәкіртақы береді. Сонымен қатар жол жүру мен күнделікті қажеттіліктер шығынын да жабады. Оқу бітірген соң студенттерге жұмысқа орналасу кепілдігі де бар. Қолдау тек оқумен шектелмейді. "Нұрбанк" жастардың таланты мен хоббилерін дамытуға көмектесіп, спорт пен шығармашылықпен айналысуға қаржылай қолдау көрсетеді. Студенттер банк бөлімшелері мен филиалдарынан тәжірибеден өтеді. Бұл оларға алғашқы кәсіби дағдыларды меңгеріп, болашаққа қадам басуға сенім береді.

Бағдарлама іске қосылғалы бері оған Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 130-дан астам жастар қатысқан. 2025-2026 оқу жылында жобаға тағы он жаңа студент қосылды. Қазір олар мәдениетаралық-коммуникациялық аударма, құқықтану, клиникалық психология, ақпараттық технологиялар, есеп және аудит, корпоративтік қаржы мамандықтарын оқып жатыр. Олар жатақханаларға орналасып, оқитын кампустарын көріп, өздері үшін жаңа қала Алматымен таныса бастады.

"Өмірге жолдама" бағдарламасының Instagram парақшасына сілтеме арқылы өте аласыз.

Айя, 19 жаста
Ақсу қаласы
Мамандығы: Мәдениетаралық коммуникациялық аударма 
Арманы: Университетке сіңісіп, мамандығы бойынша өз жолын табу.

"Нұрбанктің әлеуметтік бағдарламасы туралы ақпаратты колледждегі кураторым арқылы біліп, кейін барлық сұхбаттардан өттім. Талапкер атанғанымды естігенде қатты қуандым. Арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Аудармашылық мамандығын таңдадым. Себебі колледжде "Шет тілі мұғалімі" мамандығында білім алдым және ағылшын тілі мені әрқашан шабыттандырды. Университеттен жаңа білім мен жаңа таныстықтар күтемін."Өмірге жолдама" бағдарламасы маған үлкен қалаға үйренісіп кетуге тәлімгерлік пен психологиялық жағынан көмектеседі деп үміттенемін", – дейді Айя.

Лиза, 17 жаста
Қостанай қаласы
Мамандығы: Клиникалық психология
Арманы: Адамдарға көмектесу

"Өмірге жолдама" бағдарламасы жайлы Caspian University-де осы жоба аясында оқып жатқан танысымнан білдім. Қабылдау кезеңінде қобалжу мен сенімсіздік болды. Бағдарламаға өткенімді білгенде, алғашында сенбей, ұзақ уақыт қуаныштан өз-өзіме келе алмай жүрдім. Болашақта адамдарға көмектесіп, олардың сезімдерін түсініп, қиын сәтте жанынан табылғым келеді. Сол үшін "Клиникалық психология" мамандығын таңдадым. Алда мені үлкен өзгерістер күтіп тұр: жаңа қала, жаңа оқу, жаңа адамдар. Шынымды айтсам, туған жерден кету оңай емес. Бірақ бұл – маңызды қадам", – дейді Лиза.

Рамеля, 17 жаста
Павлодар қаласы
Мамандығы: Клиникалық психология
Арманы: Қолдауға мұқтаж жандарға көмектесу

"Өмірге жолдама" бағдарламасы жайлы балалар ауылындағы әлеуметтік педагогтан білдім. Тапсырарда қатты қобалжып едім, бірақ талапкер екенімді білгенде қуанышымда шек болмады. Жаңа білімнен бөлек, университеттен жарқын сәттер мен жақсы таныстар күтемін. Алматыда, Caspian University-де оқитынымды ойласам, көңілім толқып, қуанып кетемін. Сабақ тезірек басталса екен деймін. Өйткені бұл – арманыма деген алғашқы қадамым", – дейді Рамеля.

Данил, 18 жаста
Солтүстік Қазақстан облысы, Полудино ауылы
Мамандығы: Ақпараттық технологиялар
Арманы: Азия елдерінің бәрін аралау

"Нұрбанктің "Өмірге жолдама" бағдарламасы жайлы алғаш рет үлкен ағамнан білдім. Ол бірнеше жыл бұрын осы жоба арқылы шәкіртақыға ілікті. Бағдарлама оған оқуын жалғастыруға, күнделікті шығындарын жабуға көп көмектесті. Ағамның жетістігі мені шабыттандырды. Сол себепті мен де құжат тапсырдым. Ал өткенімді білгенде қатты қуандым. Ең бастысы – сапалы білім алып, мықты IT-маман болу", – деді Данил. 


Нұржайна, 18 жаста
Павлодар қаласы
Мамандығы: Клиникалық психология
Арманы: "Армандағанымның бәріне жеттім. Армандар орындалады!"

"Менің университетке түсу жолым ерекше болды. Бір күні маған бейтаныс нөмірден қоңырау келді. Тұтқаның арғы жағында Аделина есімді бағдарлама жетекшісі болды. Ол "Өмірге жолдама" туралы айтып, қатысып көруді ұсынды. Мен барлық құжатымды жинап, жібердім. Содан соң бағдарлама жайлы көбірек оқи бастадым. Университет сайтымен таныстым. Бәрі қатты шабыттандырды. Бірақ іштей бұл мүмкіндікті жіберіп алам ба деп уайымдадым. Кейін Аделина тағы хабарласып, "Менің сізге бір жаңалығым бар… Сіз қабылдандыңыз" деді. Жүрегім зу ете қалды. Бұл сөзді естігенде бойымды үлкен қуаныш кернеді! Психолог маманы болып шығамын", – деді Нұржайна.


Никита, 18 жаста
Қостанай қаласы
Мамандығы: Есеп және аудит
Арманы: Жоғары білім алып, мамандық бойынша жұмыс істеу

"Құжат тапсыру мен дайындық көп уақыт пен күшті талап етті, оңай болған жоқ. Дегенмен бұл жолдан да өте алдым. Университеттегі оқу маған жеңілірек болады деп ойлаймын. Өйткені мен өзіме шынымен ұнайтын мамандықты таңдадым. Жаңа білім алуға және сол салада дамуға үлкен қызығушылығым бар. Бұл маған болашақта жақсы мансап құруға және алға қойған жоспарларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін", – деді Никита.

Гунель, 18 жаста
Қостанай қаласы
Мамандығы: Клиникалық психология
Арманы: Тәуелсіз болу, өмірде өз орнын табу, жақындары үшін мақтанышқа айналу. Ұнайтын жұмысы мен баспанасы болғанын қалайды.

"Өмірге жолдама” бағдарламасына құжат тапсырып, іріктеуден өтіп жатқанда қатты уайымдадым. Бәсеке жоғары болды. Бағдарламаға өткенімді естігенде бұл менің болашағыма ашылған үлкен мүмкіндік екенін түсіндім. Жақында Алматыға оқуға көшемін. Әрине, үйден кету, жаңа қала мен жаңа өмірге қадам басу оңай емес. Дегенмен студенттік өмірден жаңа білім, жарқын оқиғалар, шынайы достар мен даму мүмкіндіктерін күтемін. Өзімді жақсырақ танып, сенімдірек болғым келеді. Ал “Өмірге жолдама” бағдарламасынан тәлімгерлік пен психологиялық қолдау күтемін. Кейде әр адамға қолдау керек", – деді Гунель.

Артем, 18 жаста
Қостанай қаласы
Мамандығы: Корпоративтік қаржы
Арманы: Қаржы саласында табысты мансап құру

"Бос уақытымда үстел теннисін ойнағанды жақсы көремін. Бұл дене шынықтыруға да, ойды сергітуге де көмектеседі. “Өмірге жолдама” бағдарламасы туралы әлеуметтік желілерден білдім. Қызығып, көбірек ақпарат жинап, кейін құжат тапсырамын деп шешім қабылдадым. Бағдарламаға түсу оңай болмады. Дегенмен, міне енді мені Алматыдағы Caspian University-де оқу күтіп тұр. Бір жағынан қуансам, бір жағынан қобалжып жүрмін. “Корпоративтік қаржы” мамандығын таңдадым. Себебі экономика мен қаржыны басқару саласы маған өте қызық. Университеттен сапалы білім, қызық дәрістер мен кәсіби оқытушылардан тәжірибе аламын деп үміттенемін. Жаңа кезеңге бейімделуге “Өмірге жолдама” бағдарламасынан қолдау күтемін", – деді Артем.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.15/193 лицензиясы

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 16:07
Талқылау