Павлодарда қоқыс қалдығын шектен тыс көмген кәсіпорынға 28 миллиард теңге айыппұл салынды
Фото: pixabay.com
Павлодарда кәсіпорын экологиялық заңнаманың сақтамай қалдықтарды көму лимитін асырған. Мұндай заңбұзушылық жасағаны үшін мекемеге 28 миллиард теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды.
“Осы дерек бойынша тексерулер болды. Нәтижесінде экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асырғанын анықталды. Аталған құқықбұзушылық бойынша субъект әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Заңбұзушылық үшін компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әкімшілік кодекстегі 328-баптың 6-бөлігіне сәйкес айыппұл салынды. Бұл бапта шектен тыс көмілген қалдықтар үшін төлем мөлшеріне 10 000 пайыз көлемінде айыппұл қарастырылған. Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңгені құрады”, – делінген хабарламада.
Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
