Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті (видео)

Фото: Балқаш әкімдігі

Балқашта көпқабатты тұрғын үйдің апатты деп танылған кіреберісінің бір бөлігі құлады. Оқиға 19 ақпан күні таңертең Қараменде би көшесіндегі үйде болған, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 ақпан күні таңертең Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы тұрғын үйде көпқабатты үйдің апатты кіреберісінің бір бөлігі құлады. Құлаған кіреберіс тұрғынсыз және пайдаланылмайтын бөлік болған. Бұған дейін оның тұрғындары көшірілген, ал кіреберіс демонтажға жатқызылған.

Ресми деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. 2025 жылы бұл көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірі апатты деп танылған. Тұрғындар алдын ала көшірілген.

Фото: Балқаш әкімдігі

Қала әкімдігінде хабарлағандай, апатты кіреберіс қазір бұзылып жатыр. Жұмыстар кезінде үйдің қалған кіреберістерінен шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланды. Билік оларды уақытша орналастыру мәселесін шешіп жатыр.

"Қабырға құлаған кезде зардап шеккендер жоқ, бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. 2025 жылы кіреберіс құрылыс сараптамасы мен техникалық қорытынды негізінде апатты деп танылды. 5-кіреберістің тұрғындары алдын ала көшірілді, олардың бір бөлігі жаңа тұрғын үй алды, қалғандары тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылды", – деп хабарлады қалалық әкімдік.

Фото: Балқаш әкімдігі

Әкімдік қазір апатты кіреберіс бұзылып жатқанын айтты. Жұмыстар кезінде үйдің қалған кіреберістерінен шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланды. 

"Демонтаж аяқталғаннан кейін мамандар қалған төрт кіреберісті қосымша тексереді. Егер олар қауіпсіз деп танылса, тұрғындар өз пәтерлеріне орала алады. Сондай-ақ қалған кіреберістердің конструкцияларын күшейту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр", – деп қосты Балқаш әкімдігі.

Қазір құлаған кіреберіске кіру шектелген, инженерлік желілер өшірілген. Ал жұмыстар барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 11:53