Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

261 миллион теңге залал: Маңығыстау облысында ірі көлемде қаражат жымқырған мұнай-газ кәсіпорынының басшылары сотталды

мұнай-газ кәсіпорнының басшылары сотталдыФото: pixabay.com

Маңығыстау облысында 261 миллион теңге көлеміндегі қаражат жымқырған мұнай-газ саласындағы кәсіпорын басшылары сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, былтыр мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға тексеру жүргізілген. 

“Тексеру нәтижесінде "West Oil Software" ЖШС-де материалдық қамтамасыз ету саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында кәсіпорында басшылық қызмет атқарған 3 адам ұсталды. Сот бұл тұлғалардың кінәсін дәлелденген деп танып, әрқайсысына әртүрлі жаза тағайындады. Атап айтқанда, компания басшыларының бірі мемлекеттік бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада. 



Сот отырысы кезінде 261 миллион теңге көлеміндегі залал толық өтелді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Қыркүйек, 2025 18:01
Талқылау