Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдын ала 100% төлем жасадық": Әнші Қанат Үмбетов ақшасын алып, тойға келмей қалды деп айыпталды

Фото: https://www.instagram.com/kanat_umbettov/

Threads қолданушысы әнші Қанат Үмбетовке қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушысының сөзінше, эстрада жұлдызын анасының тойына шақырған. 

“28 маусым күні анамның мерейтойын атап өттік. Әнші Қанат Үмбетовті шақырдық. Ол қайын ағамыздың досы болғандықтан, алдын ала 100 пайыз төлем сұрады. Оған дейін біздің іс-шарада өнер көрсеткесін еш қиындықсыз аудардық. Той болатын күні телефон тұтқасын көтермеді. Бірақ жеке парақшасын қарағанда, оның басқа мейрамханада тойда болғанын көрдік. Екі айдан астам уақыт өтті. Ақшамызды қайтаратын емес. Көмекшілері де ештеңе білмейміз деп отыр. Осындай жағдайда түсіп қалмаңыздар! Қайын ағамның өзі де іздеп жүр. Телефонын көтермейді”, – деді kazbekkyzy_a аккаунт қолданушысы. 



Stan.kz тілшісі әншінің өзіне хабарласып көрген еді, алайда телефон сөндірулі болды. Өнер иесінің менеджері “біздің қатысымыз жоқ” дегенді алға тартты. 

“Сіз Қаскелең қаласында болған тойды айтып тұрсыз-ау. Қанат Үмбетовтің екі менеджері бар. Барлық тапсырысты екеуміз аламыз. Бірақ бұл жағдайда Қанаттың өзіне таныстары шыққан. Оны бізге ескертпеген. Біз ешкімнен тапсырыс қабылдап, 100 пайыз төлем жасатқан жоқпыз. Қанат біздің де телефонымызды көтермей жатыр. Менеджерлер арқылы тапсырыс берсе, біз бәрін кесте бойынша айтатын едік. Күннен шатасты ма, айдан ба оны біз нақты білмейміз. Қанша теңге төлегенін де білмейміз”, – деді Азамат есімді арт-директоры. 

Фото: https://www.threads.com/@kazbekkyzy_a

Өнер иесінің іс-әрекетін жел қолданушылары аямай сынап жатыр. 

“Әншілерді мүлдем шақырмау керек”, “Қырғын ақша келеді де, халықты алдай салады”, “Әншілердің бәрі құныққан”, “Телефон нөмерін көрсетіңіз, халық болып жазайық”, “Ақшасын желкесінен шығару керек”, “Арыз жазуға болады”, “Бір-екі апта емес, екі айдан бері қайтармау деген сұмдық”, – деп жазды көпшілік. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 13:46
Талқылау