Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: Жол апатынан зардап шеккен екі адамды Астанаға жеткізуге дайындап жатыр

маңғыстауФото: Денсаулық сақтау министрлігі

Дәрігерлер Маңғыстау облысында болған көлік апатынан аман қалған екі әйелдің жағдайын тұрақтандыруға күш салып жатыр. Кейін оларды Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 12 кыркүйекте зардап шеккендер Жаңаөзеннен санитарлық авиация арқылы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген еді. Олардың әрі қарайғы еміне қатысты республикалық орталықтардың мамандары телемедициналық кеңестер өткізді.

Екі әйелдің де жағдайы ауыр. Біріне "политравма" диагнозы (адамның денесінің әртүрлі бөліктері бір мезгілде қатты зақымданған жағдай) қойылып, екі өкпесіне зақым келген. Бұл тыныс алу кезінде сатурацияның төмендеуіне әкеліп, тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Екінші науқастың жағдайы бірқалыпты, қауіп төндірмейді.

Ал үшінші зардап шеккен минивэн жүргізушісі Жаңаөзен ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.


Маңғыстауда жол апатынан қаза болған жеті әйелдің кім екені анықталды


Министрлік әуе бортын жіберді: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың денесі өз аймақтарына жеткізіледі


Еске салайық, бұған дейін 11 қыркүйекте Қарақия ауданындағы тас жолда Toyota Hiace шағын автобусы жолдан шығып кетіп, аударылып қалған еді. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Барлық жолаушы Қазақстан азаматтары. Олар елдің әртүрлі өңірлерінен шығып, Бекет-Ата әулие мешітіне зиярат етуге бара жатқан.

STAN.KZ
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 15:35
Талқылау