Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сиыр етін шетелге экспорттауға шектеу енгізілді

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда сиыр етін шетелге экспорттауға квота енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұндай шешім ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. 

“Ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізілуде. Сонымен қатар квота ірі өндірушілерге қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл бұйрық ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданады”, – делінген хабарламада. 


Депутат сирек кездесетін металдардың Қазақстаннан заңсыз шығарылып жатқанын айтып, дабыл қақты


Сондай-ақ Қазақстаннан автокөлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балықшыларға жаңа шектеулер мен айыппұлдар енгізілгені туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 22:18
Талқылау