Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару WhatsApp-та нөмір тіркеймін деп қылмыстық істің фигурантына айналды

телеграм табыс

Қостанайда 18 жастағы қыз Telegram арқылы оңай ақша табамын деп ойлап, қылмыстық жауапкершілікке тартылудың алдында тұр. Енді ол сот алдында жауап береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тамыз айының басында қыз Instagram-ды қарап отырып, "Тұрақты табыс іздеймін" деген хабарландыруды көреді. Сілтеме Telegram-чатқа апарып, онда "арманындағы жұмыс" ұсынылған: SIM-карталар сатып алу, оларды WhatsApp-қа тіркеу және арнайы бот арқылы нөмірлерді белсенді ету. Әр операция үшін 8 доллар төлейді уәде еткен. Қыз сеніп, әрекет жасап көруді ұйғарған. Ол SIM-карталар сатып алып, WhatsApp орнатып, нөмір белсенді деп танылуы үшін 20 минут күткен.

Кейін бот "байланыстыру" кодын жібергенде, басқару алаяқтардың қолына өтетін. Яғни, барлық аккаунттар оның атына тіркелгенімен, басқа адамдардың қолында болған. Қостанай облысының полицейлері кейін анықтағандай, дәл осындай SIM-карталардың бірі арқылы Абай облысының 54 жастағы тұрғыны алданған.

Әйелге "банк қызметкерлері" хабарласып, 495 мың теңге аударуға көндірген. Ақша алаяқтардың қолына кеткен, ал жауапкершілік қыздың мойнында қалған. Бірнеше аптада ол 20-дан астам нөмір тіркеп үлгерген. Барлығы 64 мың теңге шамасында ғана табыс тапқан. Бірақ көп ұзамай оны мессенджерден бұғаттап, қалған төлемін төлемей қойған. Полицияның айтуынша, "қылмыскерлер оны да алдап, нөмірлер мен аккаунттарды өздеріне алып кеткен".

Киберқылмысқа қарсы басқарма қызметкерлері қызға шыққанда, ол схемадан бейхабар екенін айтқан. Алайда полиция мұндай білместік жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

"Адам біреудің өтініші бойынша немесе сыйақы үшін әрекет етсе де, ұйымдастырушылармен бірдей жауапкершілікке тартылады", – дейді тәртіп сақшылары.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Қыркүйек, 2025 17:15
Талқылау