Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Путинмен келіссөз жүргізуден де маңызды кездесу болатынын айтты

ТрампФото: AP Photo

Дональд Трамп Владимир Путинмен, Владимир Зеленскиймен және Еуропа көшбасшыларымен кездесуі Ресей президентімен келіссөздерінен маңыздырақ болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл пікірін ол Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Ертең Путинмен кездесемін. Бірақ одан да маңызды кездесу Путин, Зеленский және менің арамда болады. Оған кейбір еуропалық көшбасшыларды шақыруымыз мүмкін, шақырмауымыз да мүмкін", – деді Трамп.

Алдағы келіссөздерден күтетін нәтижесі туралы айта келе, Трамп бұл "өте қызық болатынын" атап өтті және ол тараптардың ұстанымдарын және жағдайды реттеу перспективалары бар-жоғын анықтауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Әдетте, алғашқы екі, үш, төрт немесе бес минуттың ішінде жақсы немесе жаман кездесу болатынын аңғаратынымызды білемін. Егер кездесу нашар болса, тез аяқталады, ал сәтті болса, жақын арада бейбітшілікке әкеледі", – деді АҚШ президенті.

Журналистер Трамптан Путинге сирек кездесетін металдар бойынша ұсыныс білдіретіні туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Ол сұраққа тікелей жауап бермей, "сирек жер металдары мүлде маңызды емес" екенін айтып, адам өмірін сақтап қалуға тырысатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, АҚШ президенті жұма ресейлік әріптесімен кездеспек, оның Путинге айтар ұсынысы бар. Ол Алясканың табиғи ресурстарын Мәскеуге ашуға және АҚШ-тың ресейлік авиация саласына салған кейбір санкцияларын алып тастауға ниетті. Сондай-ақ Ресей басып алған Украина территорияларындағы сирек жер пайдалы қазбаларына рұқсат беру ойда бар.

STAN.KZ
Жұма, 15 Тамыз, 2025 09:29
Талқылау