"Шетелдегі ұйымдармен байланысып елде насихаттаған": Террористік қылмыс жасағаны үшін 7 қазақстандық сотталды
Фото: freepik.com
ҰҚК шілде айында 7 қазақстандықтың террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеді. Олар шетелдегі радикалды ұйымдармен байланысып, елімізде насихаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитеттің мәліметінше, жазаға тартылған азаматтардың көбі шетелмен байланыста болған.
“ Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін, жергілікті тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен әрекеттесе, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.
Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматын 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деді ведомство.

Тамақсыз, сусыз және трансферсіз: Алматылық волонтерлер Джей Ло концертіндегі ауыр жұмыс жағдайына шағымданды
