Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты (видео)

Мейірхан Шерниязов

Фото: instagram.com/make_sakevich

Қаржы пирамидасын құрған деген айыппен сотталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ол жаза мерзімін өтеген соң босатылған.

"Сотталған жаза мерзімін өтеген соң босатылды", – делінген хабарламада.

Алайда Мейірхан Шерниязовпен бірге істі болған вайнер Мейіржан Төребаев әлі бостандыққа шықпаған.

"Бұл сотталған сот тағайындаған жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатыр", – деп мәлімдеді қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер.

Еске салайық, блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген еді. 2023 жылғы маусымда сот үкімі шығып, сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылы сот келтірілген шығынның толық өтелмеуіне байланысты вайнер Мейірхан Шерниязовтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмаған болатын.

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 18:17
Талқылау