Ресеймен шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды: Құтқарушылар жүргізушілерге көмектесіп жатыр
Фото: видео кадрларынан скрин
Ақтөбе облысы Ресей Федерациясымен шекара бекетінде жаңа тәртіпке байланысты ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кептеліс Ақтөбе облысы Мартөк ауданындағы "Жайсан" шекаралық бекетінде Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта созылған. Бұл жағдай визасыз өту кезінде QR-кодтарды міндетті түрде қолданудың енгізілуімен байланысты.
Көліктер шекаралық бекеттен өте баяу өтуде. Жүргізушілер бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр. Оларға Қазақстан ТЖМ-нің құтқарушылары мен әскери қызметкерлері көмектесуде.
"Құтқарушылар тарапынан жедел көмек ұйымдастырылды. Жүргізушілерге ыстық тамақ, ауыз су берілуде, медициналық көмек көрсетілді. Санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері жағдайдың тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Ахуалды тұрақтандыруға уәде етті.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
