Алматы облысында әйел баласын құтқарамын деп суға батып кетті: Ұлы әлі іздестіріліп жатыр
Фото: Lider.kz волонтерлер парақшасынан
Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында 44 жастағы әйел 10 жасар баласын құтқарамын деп суға батып кетті. Оның ұлы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Halyqstan Telegram арнасының мәліметінш, әйел 10 жасар ұлын құтқаруға тырысқан. Куәгерлердің айтуынша, бала өзенге құлап кеткен. Ал анасы оны құтқару үшін артынан секірген. Кейінірек әйелдің денесі өзен ағысынан төменірек жерден табылды. Ал бала әлі іздестіріліп жатыр.
Полиция мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, әйел абайсызда суға құлаған. Сол кезде баласы да өзенге түскен болуы мүмкін. Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
-
"Бірде-бір құтқарушы жоқ": Алакөл жағасында демалушылар қауіпсіздік мәселесін айтып, дабыл қақты
Іздеу-құтқару операциясына 70-тен астам адам тартылған, 18 техника бірлігі жұмылдырылған. Оқиға орнында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмыс істеуде.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
