Павлодарда мейрамханаға барып уланғандардың саны артты
Фото: pixabay.com
Павлодарда қыз ұзатуға мейрамханаға барып, тамақтан уланғандардың саны артты. Денсаулық сақтау басқармасының 10 маусымдағы мәліметі бойынша, жұқпалы аурулар ауруханасына 42 адам жеткізілген. Олардың көбі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусымда мейрамханада өткен қыз ұзатуда барлығы 35 адам шағыммен жүгінген. Олардың 21-і ауруханаға жатқызылған.
Бұл уланғандардың қатарына келесі күні сол мекемеде өткен екінші мерекенің қонақтары да қосылды. Ол жерден 10 маусымда 7 адам жүгінген. Олардың бесеуі бөлімге орналастырылып, екеуі емделуге үйге жіберілді.
-
Ақмола облысында дәрігер инсульт алған науқасқа улану диагнозын қойған
-
Маңғыстау облысында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың ата-анасы өтемақы талап етті
Павлодар облысының полициясы жағдай туралы түсініктеме берді.
“Улану фактісі бойынша Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеруді бастады. Оның нәтижелері бойынша полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады ведомство.
Еске салсақ, Павлодарда қыз ұзатуға барған 30-дан астам адам уланып қалғаны туралы хабарлаған едік.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
