Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент – халықтың жеті жылға жалдаған менеджері – Тоқаев

Фото: Ақордадан

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында елеміздің суперпрезиденттік жүйеден бас тартқанын және есеп беретін үкімет болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілгенін алға тартты.  

“Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды. Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін.



Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады. Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері”, – деді  мемлекет басшысы.

Еске салсақ, дәл осы отырыста Тоқаев қазақстандықтарға өзге халыққа құрметпен қарауды шақырған еді.  

STAN.KZ
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 12:17
Талқылау