Huawei мен Qazaq Green Қазақстандағы алғашқы пилоттық BESS жобасын іске қосты
2025 жылғы 28 мамырда Назарбаев Университетінде "Қазақстан энергетикасындағы BESS энергия жинақтау жүйелерінің рөлі" атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші халықаралық компаниялар, ғылыми-зерттеу орталықтары, технологиялық көшбасшылар мен инвесторларды қоса алғанда, 300-ден астам адам қатысты.
Конференция барысында Қазақстандағы алғашқы Ақ кітап — "BESS Энергия жинақтау жүйелерін Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесінде қолдану" құжатының тұсаукесері ерекше назарға ие болды. Бұл аналитикалық шолу құжатын ЖЭК жөніндегі "Qazaq Green" қауымдастығы Huawei компаниясымен бірлесіп әзірледі. Онда BESS жүйелерін енгізудегі жаһандық тәжірибеге шолу, заманауи технологиялық шешімдер мен халықаралық стандарттар сипатталып, сондай-ақ Қазақстанда осы саладағы құқықтық реттеуге қатысты ұсынымдар қамтылған.
Huawei компаниясы — елдің энергетикалық жүйесінің орнықты болашағы үшін аса маңызды Battery Energy Storage Systems (BESS) технологияларын енгізудің басты қозғаушы күшіне айналды.
Іс-шара аясында екі маңызды меморандумға қол қойылды:
• ҚР Энергетика министрлігі, "ЦАТЭК" АҚ, Huawei және "Qazaq Green" ЖЭК қауымдастығы арасында ЦАТЭК Green Energy жел электр станциясында алғашқы пилоттық BESS жобасын іске қосу туралы;
• Huawei мен Qazaq Green қауымдастығы арасында энергия сақтау жүйелері саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық және Қазақстандағы жаңа бірлескен жобаларды пысықтау туралы.
Пилоттық жоба аясында Huawei қуаттылығы 4,4 МВт болатын BESS жүйесін жеткізіп, жыл бойы техникалық сүйемелдеу мен мониторинг жүргізеді. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерінен алынатын энергияны сақтау тиімділігін көрсетуге арналған нақты тәжірибелік алаңға айналады және елімізде BESS технологияларын кең көлемде енгізуге жасалған маңызды қадам болмақ.
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй былай деді:
"Huawei Қазақстанның энергетика саласындағы жаңа кезеңіне үлес қосып жатқанына мақтанышпен қарайды. Бұл пилоттық BESS жобасы — энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру және "жасыл" энергияны кеңінен интеграциялау мүмкіндігін нақты көрсететін жоба. Біз тек жабдық жеткізумен шектелмейміз, кешенді технологиялық шешімдер мен сараптамалық қолдау ұсынамыз".
ЖЭК жөніндегі "Qazaq Green" қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Капенов атап өтті:
"Біз конференция барысында өз сарапшыларымыз әзірлеген "BESS энергия жинақтау жүйелерін БЭЭЖ-де қолдану" атты Ақ кітапты таныстырдық. Бұл — BESS технологияларын қолдану мәселелерін сипаттайтын аналитикалық есеп. Есепте өнеркәсіп ауқымында BESS жүйелерін қолдану мен тұтынушы деңгейіндегі, яғни "есептегіштен кейінгі" жинақтау тәжірибесі қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі заманғы BESS технологиялары, олардың нарықтағы құны, BESS жобаларын жүзеге асыру кезінде қолданылатын халықаралық стандарттар, отандық және шетелдік сарапшылардың техникалық талаптар мен құқықтық реттеу бойынша ұсынымдары қамтылған. Біз бұл құжаттың еліміздің энергетика жүйесінде бұл технологияларды қолдануға бағытталған алғашқы практикалық қадам боларына сенеміз".
Конференция профессор Жұмабай Бәкеновтің (Назарбаев Университеті) төрағалығымен өткен ғылыми сессиямен аяқталды. Онда энергия жинақтау саласындағы инновациялар мен материалдар, соның ішінде BESS дамуы үшін стратегиялық ресурс болып табылатын литий тақырыптары талқыланды.
Huawei Қазақстанда тек қатысушы ғана емес, елдің энергетикалық болашағын белсенді қалыптастыруға дайын сенімді серіктес ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтуда.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
