Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда халық медицинаcының қандай түрлеріне рұқсат етіледі

Фото: pixabay.com

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов елде дәстүрлі медицинаның қандай бағыттарына рұқсат етілгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет басшысының мәліметінше, елімізде тек бірнеше дәтүрлі темедицинаға рұқсат бар. Оның өзі маманның бақылауымен жасалуы қажет.

“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, дәстүрлі (халықтық) медицина әдістерін диагностика, емдеу және алдын алу үшін тек тиісті рұқсатпен және тек медицина қызметкерлерінің қарауында қолдануға болады. Қазір біздің елде тек дәлелді және дәстүрлі медицина әдістерін қолдануға рұқсат етілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәстүрлі медицинаның мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: гомеопатия, рефлексотерапия, фитотерапия, хиропрактика, хирудотерапия (сүліктермен емдеу), су-джок терапиясы”, – деді ол.

Бектенов егер халық емі рұқсатсыз қолданылса заңсыз болатынын жеткізді.

“Жоғарыда аталған медицина түрлеріне жатпайтын емдеу әдістері заңсыз кәсіпкерлік немесе медициналық қызмет болып саналады. Заңсыз медициналық қызметтер көрсетілген жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – деп қосты ол.



Олжас Бектеновтың жауабына сәйкес, медициналық қызметті лицензиялау рәсімі 2015 жылдан бастап автоматтандырылған және "E-License"порталы арқылы жүзеге асырылады. Қосымшадан ЖСН немесе БСН арқылы медицина орталығының лицензиясының бар-жоғын тексеруге болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 17:13
Талқылау