Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұлусың, тезірек үйлен": Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әжей хат жазды

Фото: Видеодан скриншот

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әже хат жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейуана хатты қолымен жазып, ұлынан беріп жіберген. 

“95 жастағы шешем де Димашты тыңдайды. Бүгін концертіне келдім. Шешем хат жазып жіберді. Не жазды дейсіз ғой, “Өзің сұлусың, ақылдысың, дарындысың, тезірек үйлен. Анаң Света сияқты ибалы келін болсын”, – деп жазылған хатта. Қазір соны Димаштың өзіне беремін”, – деді көрермен. Концертке келген көрермен “Әженің сөзі – бүкіл ұлттың аманаты сияқты” деп бағалады. 


  • Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтып алды

  • "Билікке жаққан әнші": Танымал журналист Димаш Құдайбергенді сынады


Айта кетейік, Димаштың бейтаныс қызбен құшақтасып тұрған сәттің видеосы тараған еді. Қыздар жағы Димашты қызғанып қалғанын жасырмады.

"Димаш та кетәрі емес", "Ол қыздардың жұмысы ғой", "Олар да біз сияқты адам", "Қызғанудың қажеті жоқ, керісінше оған лайықты жар тілеу керек!", – деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін "Балқадиша" әнімен танылған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсеткенін жазған едік. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 16:40
Талқылау