Биыл шенділер мемлекеттік сатып алу арқылы бюджеттен 29 миллиард теңге жымқырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік биыл бес айдың ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы бағаны шамадан тыс көп етіп көрсетіп, 29 миллиард теңге жымқыру фактісін анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мемлекеттік сатып алу кезінде болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасады.
“Биыл 5 айда 29 миллиард теңге жымқыру фактілері анықталды. Оның 6,4 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылды. Қалған соманы (22,6 миллиард теңге) тапсырыс берушілер қайта қарап, олар бойынша жоспарлы бағалар төмендеді немесе сатып алынатын тауарлар көлемі ұлғайды. (2024 жылы 55 миллиард теңгеге артық өсім анықталды. Оның ішінде 26 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды, 29 млрд теңгеге сатып алу қайта қаралды). Жалпы, жобаны іске асыру басталғаннан бері (2019 ж.) 224,7 миллиард теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмеді”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, алдынғы жылы небәрі 22 бұзушылықты анықтаған болса, биыл 95 заң бұзушылық анықталған.
-
Қазақстандық мектептің директоры мұғалімді жұмысқа алу үшін өзін Антикор төрағасы деп таныстырған
-
Қазақстандық шенеунік 300 мың теңге пара алғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл арқалады
“Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Агенттіктің бірқатар ұсынымдары "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заңда іске асырылды. Мәселен, "ҚБП" форматында қағаз түрінде сатып алу алынып тасталды. Зияткерлік меншік объектілерін сатып алу бойынша шектеулер енгізілді. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың сатып алуға қатысуға тыйым салу белгіленді.
Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізілген талдаулар шеңберінде, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша осы бағыттағы алдын алу шаралары бойынша жаңа ұсыныстар әзірленіп жатыр”, – делінген.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
