Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық "ішкіш" деген пікірі үшін 200 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Фото: freepik.com

Қарағандыда ер адам әлеуметтік желідегі пікірінің кесірінен сотқа тартылды. Енді ол 200 мың теңге өтемақы төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға желідегі жазбалардың бірінің астына К. есімімен тіркелген қолданушының пікір жазуынан басталған. Онда ол А.-ның "ішімдік ішіп", маскүнем ретінде есепте тұрғанын жазған. Сосын желі қолданушысы оның жеке мәліметтерін де жариялаған. Жазба авторы пікір жазушы мені масқаралап, жала жапты деп айыптап сотқа арызданған. Алғашында моральдық шығын үшін бір миллион теңге талап еткен.



Сот ақпаратты тексеріп, фактілер расталмаған деген қорытындыға келді. Сот мәліметінше, жазбада жазылған пікір шынымен де тұлғаны жамандауға бағытталған. Мұндай мәлімдемелер, адамның беделіне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Тіпті оның жеке және кәсіби өміріне әсер етуі мүмкін.

"Сот Facebook әлеуметтік желісінде алкогольді асыра пайдаланатын адам есебінде тұрғаны туралы жарияланған ақпарат А.-ның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп таныды", - делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде сот К.-ға қатысты айыпты теріске шығарып, А.-ға 200 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, барлық сот шығындарын жауапкер көтереді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық шенеунік 300 мың теңге пара алғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл арқалағаны туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Жұма, 23 Мамыр, 2025 16:42
Талқылау