"Магнум" сауда желісінен ақша бопсалаған блогерлер 7 жылға сотталды
Коллаж Stan.kz
Петропавлда "Магнум" және "Семейный" сауда желілерінен ақша бопсалаған блогерлер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының екі тұрғыны "Магнум" және "Семейный" сауда желілеріне өз беттерімен "рейд” жасап, түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерде жарияламау үшін ақша бопсалаған.
"Олар сауда желілерінің дүкендеріне жасаған рейдтерін ұялы телефонға түсіріп, иелерінің мүддесіне елеулі зиян келтіруі мүмкін ақпараттарды жинаған. Кейін бұл материалдарды "Instagram" әлеуметтік желісінде және "YouTube" арнасында жариялап отырған", – делінген прокуратура хабарламасында.
Шымкентте блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген.
Айыптау үкімі алқабилердің қатысуымен шығарылып, екі күдіктіге да 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2025 жылғы 6 мамырда үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін супермаркеттер желісі мен кәсіпкерді бопсалаған қазақстандық "блогерлер" ұсталғаны туралы жазған едік.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
