2024 жылы Қазақстан банктері маркетинг пен жарнамаға қанша қаржы жұмсады
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы банктер жарнама мен маркетингке бірнеше миллиардтар жұмсаған. Шығындар өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Мәселен, Kaspi Bank 2024 жылы өздерін ілгерілетуге 43 миллиард 990 миллион теңге жұмсап, 2023 жылға қарағанда екі есе көп қаржы бөлген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kaspi Bank-тің 2024 жылы сату және маркетинг шығындары 101%-ға өсіп, 43 миллиард 990 миллион теңге болған. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 21 миллиард 891 миллион теңге болыпты.
Банк шығындардың өсуін негізінен интернет-маркетинг қызметінің ұлғаюымен және соған байланысты шығындардың 16 миллиард 441 миллион теңгеге артуымен, сондай-ақ басқа маркетинг шығындарының 5 миллиард 658 миллион теңгеге өсуімен түсіндірді.
Ал Jusan Bank 2024 жылы жарнама және маркетинг қызметтеріне 1 миллиард 480 миллион теңге жұмсаса, 2023 жылы бұл сома 5 миллиард 485 миллион теңге болған.
Сондай-ақ Forte Bank 2024 жылы өздерін ілгерілетуге 3 миллиард 362 миллион теңге жұмсаған. Ал 2023 жылы бұл сома 3 миллиард 10 миллион теңге болыпты.
2024 жылы Halyk Bank-тің жарнама және маркетингке құртқан шығыны – 4 миллиард 491 миллион теңге. Ал 2023 жылы 4 миллиард 768 миллион теңге жұмсаған.
ЦентрКредит банкі 2024 жылы өздерін жарнамалауға 2 миллиард 792 миллион теңге жұмсаса, 2023 жылы бұл сома 2 миллиард 651 миллион теңге болды.
Айта кетсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы банк секторы 2,56 триллион теңге таза табыс тапқан. Жылдық есепке сенсек, қаржы ұйымдары басшыларына да қомақты сыйақы төлейді. Былтыр 249 жұмыс күні болғанын ескерсек, топ-менеджерлердің күндік сыйыақысы кем дегенде 555 мың теңге болған.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
