Іші өтіп, қызуы көтерілген: Құлпынай жеген 6 жасар бала көз жұмды
Фото: depositphotos.com
Украинаның Днепр қаласынд құлпынай жеген 6 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
6 жасар бала ерте піскен құлпынай жегеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Алдымен балада іш өту байқалып, артынша іші ауыра бастаған. Мұнымен қоймай кейін дене қызуы көтеріліп, соңында денесінде бөртпелер шыққан. Оқиға 9 сәуір күні болған.
Келесі күні бала ауруханаға жеткізілгенімен, 11 сәуір күні таңертең көз жұмды.
“Ұят нәрсе”: Тоқаев балалардың тамақтан улану мәселесін көтерді
Жүзден аса бала жылан табылған тамақты жеп уланып қалды
Құлпынай – паразиттік инфекциялардың көзі болуы ықтимал. Сонымен қатар, ол ластанған өнімдер тізімінде алдыңғы қатарда тұрады және әсіресе ерте піскен түрлері пестицидтерге бай болуы мүмкін.
Сол себепті құлпынайды мұқият жуу қажет, әсіресе оны балаға беретін болсаңыз. Ал құлпынай жегеннен кейін өзіңізді жайсыз сезініп, алғашқы белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына байланысты кәсіпкер әйел сотталғаны туралы жазған едік.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
