Қазақстандық жоғары оқу орындарына грантқа түсу үшін құжат тапсыру қашан басталады

Фото: pexels-photo
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов елімізде жоғары оқу орындарына грантқа түсу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілдеде басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары оқу орындарында оқу жылы 10 шілдеге дейін аяқталады. Сонымен қатар жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Грант беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады", – деді Ешенқұлов.
ҰБТ Қазақстанда 16 мамырда басталды. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады. Биыл талапкерлер екі рет тест тапсырып, гранттар байқауына қатысу үшін ең жақсы нәтижені таңдай алады. Тестілеуге 216 мыңға жуық талапкер өтініш берді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық.
Еске салсақ, Түркістан облысында Жәнібек Әбілхан есімді оқушы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинағаны туралы хабарлаған едік.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"