Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Назым Қаһарман Бишімбаевқа қарсы Жоғарғы сотқа шағымданды

Фото: nazymkakharman Instagram/Жоғарғы сот

Назым Қаһарман адам өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін Жоғарғы сотқа арызданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жоғарғы сот әлі істі қараған жоқ. 

Сондай-ақ сәуірде Бишімбаев табыс көзі болмағандықтан, алимент төлеу туралы келісімді бұзғысы келгені белгілі болды.

"Бишімбаевтар тарапы төлемдерді қысқарту үшін алимент келісімін қайта қарауға арызданған. Ақшасы жоқ-мыс. Ол істі қарау сатысында. Әрине, оған келіспейміз", – деді Қаһарман.


"Ешкім бұлай атақты болуды қаламас еді": Назым Қаһарман Бишімбаевтың арқасында "танымал болып, табыс тауып жатсың" дегендерге жауап берді


"Аналарың өте қатыгез, әдейі істеп жатыр": Назым Қаһарман экс-күйеуі Қуандықтың отбасы неліктен алимент төлеуден жалтарып жатқанын айтты


2024 жылдың қыркүйегінде сот Қаһарманның Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы арызын қабылдамады, қарашада апелляциялық алқа бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Әйел балаларының тегін өзгерткісі келді, бірақ сот оған да рұқсат бермеген.

Назым Қаһарманның айтуынша, балалар марқұм Нүкенованы отбасы мүшесі және әкесінің әйелі деп санайды. Балалар онымен бірге уақыт өткізіп, үйлену тойларына да қатысты. Балалар Нүкенова мен Бишімбаевтың некелерін ресми түрде тіркемегенін сот процесі кезінде білген. Алайда заң бойынша ата-ана құқығынан айыруға отбасы мүшесін өлтіру негіз болып саналады.

Еске салайық, бұған дейін Назым Қаһарман 30 наурызда Қуандықтың адвокаты хабарласып, оның анасы алименттер мен басқа міндеттемелерді төлеуден бас тартқанын жеткізген. Себебі бұрынғы атасында балалардан басқа шығындар да болған. Сонымен қатар балалар ата-әжесімен тығыз қарым-қатынаста емес екенін атап өткен. 

Сонымен қатар 31 жастағы Салтанат Нүкенова 2023 жылғы 9 қарашада жұбайы, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Ерекше қатыгездікпен жасалған бұл кісі өлтіру мен азаптаулар үшін Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 13:54
Талқылау