Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астаналық сатушы "көз тиюден" арыламын деп алаяққа алданып қалған

Видеодан скриншот

Ақмола облысында алаяқ көз тиюдің бетін қайтарамын деп дүкеннен азық-түлік ұрлап кеткен. Жалған емшінің құрбаны Атбасар өңірінің 30 жастағы сатушысы болып шықты. Көз тигеннен құтылу үшін қыз алаяққа ақша мен дүкеннен азық-түлік берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүкенге белгісіз біреу кіріп, дүкендегі қызға көз тигенін айтқан. Суды пайдаланып "тазарту" ырымы шамамен 50 мың теңге тұрады деген. Сатушы мұндай ақшасы болмағандықтан, оның бір бөлігін қолма-қол ақшамен, қалғанын дүкеннен азық-түлікпен берді. Ол кеткеннен кейін қыз алаяқ құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол гипнозға ұқсас күйде болған.


Алаяқ 70-тен астам қазақстандыққа Вьетнамға өтірік әуе билеттерін сатқан


Алаяқтар қазақстандықтарға емхана қызметкерлері ретінде қоңырау шала бастаған


“Полиция бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Ақмола облысы ІІД ЖПҚ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Әбдірахманова. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 09:03
Талқылау