Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Маңғыстау облысында анасы жаңа туған шақалақты тұрғын үй терезесінің алдына тастап кеткен


Видеодан скрин

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тұрғын үй терезесінің алдына анасы жаңа туған шақалақты тастап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір әйел іздестіріліп жатыр. Таңертеңгі сағат 9:30 шамасында сәбидің іңгәлаған дауысын естіген ауыл тұрғыны шошып кетіп, дереу полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.

Шала туылып, денесі салқындап қалған шақалақты жедел жәрдем қызметкерлері Облыстық ана мен бала орталығына алып келген. Дәрігерлер нәрестенің суықта ұзақ жатып қалғанын айтады. Сондықтан дене қызуын тұрақтандыруға күш салыпты. Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп, бейкүнә баланы тағдыр тәлкегіне салған анасын іздестіріп жатыр.


Алматыда әйел жаңа туған сәбиін аязда кіреберіске тастап кеткен: Нәрестені 12 жасар қыз құтқарды


"Жалпы төмен температурамен келді. Көмек көрсетіліп, жуындырды. Температурасы 36,7. Қазір баланың жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты. Сүт беріп жатырмыз. Салмағы 2 келі 200 гр. Шала туған нәресте болғаннан кейін сыртқа, далаға ашық жерге тастап кеткен, орағанымен, ылғал болады ғой. Ылғал болғаннан кейін тез суық тиеді”, – дейді Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлзада Сарбалаев.

Еске салсақ, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған нәрестесін гаражда қалдырып кеткен жас анаға сот 110 мың теңге айыппұл салынған еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 22:25
Талқылау